Қоюшы - режиссер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 ж.), «Парасат» орденінің (2009 ж.), «Астана» медалінің иегері (1998 ж.),
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры (2010 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.). Доцент.
1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.
1966 - 1968 жж. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік студиясын оқып бітірді.
1974 жылы Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Театр өнері институының (ГИТИС) режиссерлік факультетіне КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, профессор И.М. Тумановтың (Туманашвили) курсына түсіп, 1979 жылы үздік бітірді.
Дипломдық жұмысын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында О. Бөкейдің «Текетірес» пьесасы бойынша қойған спектаклімен қорғап, осы театрға жұмысқа шақырылды. Сол уақыттан бері осы сахнада 50-ден аса спектакль қойды.