Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2011ж.), ҚР "Әдебиет пен Өнер саласындағы" Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2016ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016ж.).
1950 жылы Қарағанды облысындағы Шет ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген.
1967-1969 жж. республикалық Эстрада-цирк студиясын «Көркемсөз жанры артисі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
1978 жылы Мәскеудің Щепкин атындағы Театр училищесін бітірді.
2003 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ш.Мұртаза «Қызыл жебе», «Сталинге хат» (реж. Р. Сейтметов) – Т. Рысқұлов,
Абай поэзиясы бойынша қойылған «Қалың елім, қазағым» (реж. Б. Атабаев) – Абай,
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Көтібар,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Оразбай,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір)– Кеңгірбай,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Ақжелке,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» («Махаббат дастаны»), (реж. Қ. Сүгірбеков) – Қарабай,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Сыбанқұл,
Е. Уахитов «Құдалар» (реж.Ә. Рахимов) – Сейтмәлік,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж.Е. Обаев) – Паң Нұрмағамбет,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж.Н. Жақыпбай) – Көрші,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Мафия,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат»(реж. Р. Андриасян) – Штейниц,
Н. Гоголь «Үйлену» (аударған: О. Қыйқымов, реж. В.И. Захаров) – Яичница,
Т. Мурод «Ат жылаған түн» (реж. Ө. Салимов) – Зиябек,
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Советбек,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. Ө. Салимов, А. Кәкішева) – Граф,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Тоқтарбай,
С. Мұқанов "Мөлдір махаббат" (реж. Ә. Рахимов) - Әбүталіп,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ә. Оразбеков) - Кеңгірбай,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден "Қазақтар" – Керей сұлтан
Режиссерлық жұмыстары (республика театрларында):
Ш. Сариев «Мұңым менің»,
І.Жансүгіров «Күйші»,
С.Сейфуллин «Аққудыңайырылуы»,
Т.Драйзер «Аяулы Керри»,
М.Хасенов «Пай-пай, жасжұбайлар-ай».
Фильмография:
Тұңғыш рет қазақ актерларының ішінен голливудтық киноға түсті.
"Сібір" («Мосфильм»), «Құнанбай», «Провинциалды роман» («Қырғызфильм»), «Шоқан Уәлиханов», «Біржан сал» («Қазақфильм»), «Ағайындылар», «Мың бала» («Сатай-фильм»), «Алдар Көсе», «Путь Лидера», «Темір тау», «Отты өзен», «Цунгцванг», «Вкус хлеба», «Абай жолы», «Марко Поло», «Ағайындылар», «Қанатсыз құстар», «Мәдениет үйі», «Мезгілсіз махаббат» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.