Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014ж.), Қазақстан Республикасының Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2002ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері (2016ж.), "Құрмет" орденінің иегері (2021ж.).
1977 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б.Атабаев)– Нарша,
М. Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Х.Әмір-Темір)– Кебек,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т.Жаманқұлов) – Көсем,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә.Рахимов)– Хлыновский,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» («Қозы Көрпеш–Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков)– Қозы,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б.Атабаев)– Құмар,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е.Обаев)– Доскел,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)– Бауыржан,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Салимов)– Тибальт,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р.Андриасян)– Эгмонт Клаузен,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А.Әшімов)– Фархад,
М. Байджиевтің «Қылмысында» (реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек)– Сағын,
Ә. Нұрпейісов "Қан мен Тер. Ақбала" (реж. А. Оспанбаева) - Еламан
Кинодағы рөлдері:
«Қарсы тексеріс», «Томирис», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Дорога домой», «Рекитер-2», «Возмездие», «Парыз», «Одноклассники», «Ғашық жүрек-2», «Жерұйық», «Бақсы», «Саранча», «Бір сен үшін», «Дәрігер Ахметова», «Қара шаңырақ», «Полигон», «Құсайыновтар. Өмір жолы», «Аферисты», «Мұқағали», «Армандастар» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.