Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы

Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы

Театр артисі

Өмірбаян

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).

1954 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1976-1980 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын оқып бітірді.

1980 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

Р. Сейсенбаев «Түнгі диалог» (реж. Ә.Рахимов) –Қодар,

Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітов «Беу, қыздар-ай» (реж. Ә.Мәмбетов) –Хасен,

М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б.Атабаев) –Нарша, Жабай,

М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов)–Қазан,

М. Әуезов «Абай» (реж. Ә.Мәмбетов) –Айдар, Нарымбет, Мес, Тәкежан,

М. Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Ж.Хаджиев)– Есен,

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Ә.Мәмбетов) –Әбейсін,

Б. Римова «Абай–Әйгерім» (реж. Б.Атабаев) – Манас,

М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б.Атабаев)– Асан,

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж.Ә.Мәмбетов)– Қодар,

С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә.Рахимов)–Бәтестің әкесі,

С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә.Рахимов )–Қалтан қажы,

Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази)–Мард,

Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О.Кенебаев)–Жан,

И. Вовнянко «Апат»(реж. Ә.Рахимов)–Жұма,

Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) –Барбол,

Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази)–Би,

Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» (реж. Б.Атабаев) –Әкім,

Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев)–Казаков,

Б.Томас «Мен сіздің әпкеңізбін» (реж. Ә.Рахимов) –Брассет,

Ибсен «Қуыршақ үй» (реж. Қ.Сүгірбеков) –Торвальд,

К. Ашир «Қабыл – Адам Ата перзент» (реж. К.Ашир)–Адам,

Н. Гоголь «Пара» (реж. Е.Обаев)–Аммос Феодорович,

Т. Мурод «Ат жылаған түн»(реж. О.Салимов)– аудан басшысы,

Г. Горин «Атың шықпаса…» (реж. Ә.Оразбек) –Клион,

Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов)–Әбдісалам,

М. Кәрім «Ай тұтылған түн» (реж. О.Кенебаев) –Жалшығұл,

Н. Хикмет «Фархад–Шырын» (реж. Н.Жұманиязов)–Уәзір,

Д. Кобурн «Жынойнақ»(реж. А.Кәкішева)– Веллер Мартин,

Б.Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е.Обаев) – Саңырау шал,

Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. Й.Вайткус) – Билеуші,

Ф.Дюмануар, А.Эннери «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә.Рахимов) – Карлос ІІ,

А.Сүлейменов «Біржанның соңғы әні» (реж Ә.Рахимов) - Батыраш

Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М.Ахманов) – Орманов,

І.Есенберлие «Алмас Қылыш» (реж. А.Кәкішева) – Бақты Қожа,

Л.Толстой «Анна Каренина» (реж. Е.Обаев) – Алексей Каренин,

М. Әуезов "Қарагөз" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Жабай,

Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" (реж. Ж. Жұманбай) - Ошақбай,

М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ә. Оразбеков) - Еспембет


Кинодағы рөлдері:

«Соңғы асу», «Махамбет», «Әміре Қашаубаев», «Брат или Брак», «Мұқағали», «Қашқын», «Елдің баласы», «Ақылдың кілті», «Ласковое безразличие мира» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады. 

Рольдер

КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?
Роль: Ералы
Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі М. Ахманов
Автор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек
КӨШКІН
Роль: Еркек
Режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева
Автор: Т. Жуженоғлы
ЖҮРЕЙІК ЖҮРЕК АУЫРТПАЙ
Роль: Саңырау шал
Режиссер: Қазақстанның халық артисі, профессор Е. Обаев
Автор: Б. Жәкиев. Аудармасы: Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ә. Сығай
ҰЛЫ МЕН ҰРЫ
Роль: Ардагер
Режиссер: Қазақстанның халық артисі, профессор Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан
Автор: Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Т. Әбдіков
ТОМИРИС
Роль: Мард (Кирдің кеңесшісі)
Режиссер: Тұңғышбай әл-Тарази, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Автор: Шахимарден
ҚОРҚЫТТЫҢ КӨРІ
Роль: Билеуші Бек-Қаhан
Режиссер: КСРО Мемлекеттік, Литва Ұлттық сыйлығының лауреаты, профессор Йонас Вайткус
Автор: Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Иран-Ғайып
ҚАР ҚЫЗЫ
Роль: Қоңқай шал
Режиссер: Ж. Жұманбай
Автор: О. Бөкей
РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА
Роль: Монтеки
Режиссер: Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ө.Салимов
Автор: У. Шекспир
АБАЙ
Роль: Тәкежан
Режиссер: Е. Обаев
Автор: М. Әуезов
АБАЙ
Роль: Пристав
Режиссер: Е. Обаев
Автор: М. Әуезов

Галерея

Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай Бауыржан Есқожаұлы