Қажынәбиева Баян Алысқызы

Қажынәбиева Баян Алысқызы

Театр артисі

Өмірбаян

Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты (2005ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің иегері (2021ж.).

1978 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Н.К.Крупская совхозында дүниеге келген. 

1993 жылы Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжін бітірді. 

1994-2000жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр өнері факультетін, 2012 жылы магистратурасын бітірді. 

2000 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 


Театрдағы рөлдері: 

М.Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Қарагөз, 

И. Сапарбай «Абай – Тоғжан» (реж. Н. Тутов) – Тоғжан, 

С.Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә.Рахимов) – Қамар сұлу, 

С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр»(реж. Ә.Рахимов)– Жұлдыз, 

С.Балғабаев «Сағыныш пен Елес» (реж. Ә.Рахимов) – Арайлым, 

М.Мақатаев «Қош, махаббат!» (реж. Б.Атабаев) – Бану, 

Д.Исабеков «Әпке» (реж. Б.Омаров) – Гауһар, 

Т.Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е.Обаев) – Айжан, 

Қ.Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Гүлбахор, 

М.Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Х.Әмір-Темір) – Еңлік, 

Н.Гоголь «Пара»(реж. Е.Обаев)– Марья Антоновна, 

Г.Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р.Андриасян) – Инкен, 

М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О.Кенебаев) – Оксана, 

Е.Уахитов «Құдалар» (реж. Ә.Рахимов) – Ділназ, 

Н.Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А.Әшімов) – Шырын, 

М.Байджиев «Қылмыс» (реж. О.Сәрсенбек) – Мәриям, 

А.Чехов «Апалы - сіңілі үшеу» (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева) – Ольга,

Р. Куни "Мани - Мани" (реж. Е. Нұртазин) - Джейн Перкинс,

М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Күнікей,

Д. Исабеков "Жаужүрек" (реж. Е. Обаев) - Балхаш,

А. Батырқызы "Бейтаныс таныстар" (реж. Н. Карабалина) - Бейтаныс жан,

Ә. Нұрпейісов "Қан мен Тер. Ақбала" (реж. А. Оспанбаева) - Қарақатын,

Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев, қайта сахналаған - Е. Нұрсұлтан) - Қатша


Кинодағы рөлдері:

«Оралман», «Қыз жолы» және т.б. фильмдерде рөлдер сомдады. 

Рольдер

БЕЙТАНЫС ТАНЫСТАР
Роль: Бейтаныс жан
Режиссер: Н.Қарабалина
Автор: А.Батырқызы
КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?
Роль: Таня
Режиссер: М. Ахманов
Автор: Е. Жуасбек
БАРЫМЕН БАЗАР
Роль: Лиза
Режиссер: Н. Жұманиязов
Автор: Т. Нұрмағанбетов
ЖАУЖҮРЕК
Роль: Балхаш
Режиссер: Е. Обаев
Автор: Д. Исабеков
АҚЫН, ПЕРІШТЕ, МАХАББАТ
Роль: Періште
Режиссер: Ә. Рахимов
Автор: Ә. Тарази
ТАҢСҰЛУ
Роль: Жеңгесі
Режиссер: А. Кәкішева
Автор: Ғ. Есім
АЙ МЕН АЙША
Роль: Айша
Режиссер: Тұңғышбай әл-Тарази
Автор: "Ай мен Айша" және "Мылтықсыз майдан" шығармаларының негізінде жазылған драманың авторы: Е. Жуасбек

Галерея

Қажынәбиева Баян Алысқызы Қажынәбиева Баян Алысқызы Қажынәбиева Баян Алысқызы