Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001), «Құрмет» Ордені (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016), "Парасат" орденінің иегері (2021).
1960 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
1982-1986 жылы Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтына актер мамандығын тәмамдады.
1993-2006 жж. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеген.
2016 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қайта еңбек етеді.
Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Базарбай,
М. Омарова «Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров) – Сейфолла,
М.Әуезов «Қобыланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Көбікті.
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Паң Нұрмағанбет,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә.Мәмбетов) – Абай,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) - Мард,
М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) - Арыстан,
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» (реж. Ә.Рахимов) - Қошқарбай,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) - Оспан,
Ф. Зеллер "Жан әке" (аударған: Т. Мейрамов, сахналық нұсқа: Б. Әбділманов, реж. А. Құдайбергенов) - Ақсақал,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ә. Оразбеков) - Еспембет
Кинодағы рольдері:
«Дұшпан, тоғызыншы ұлдан қорық», «Сағыныш», «Шегіртке», «Застава», «Шақал», «Махамбет», «Қош бол, Гүлсары», «Ағайынды», «Арман қала», «Лавэ», «Іздеу», «Аш есікті, мен – бақытпын!», «Прыжок Афалины», «Атажұрт», «Фара», «Біржан сал», «Ақын арманы», «Шәкәрімнің соңғы күні», «Заманай», «Құланның ажалы», «Алдар көсе», «Жаужүрек мың бала», «Әке серті», «Бумеранг», «16 қыз» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.