Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қазақстан Республикасының Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994), Қазақстанның тұңғыш Президенті қорының лауреаты (2010), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).
1972 жылдың Алматыда дүниеге келген.
1989-1993жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Театр-кино актері мамандығы бойынша оқып бітірді.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ә.Тәжібаев «Жомарттың кілемі» (реж. Б.Атабаев) – Несібелі,
Ә.Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев)– Күлпаш,
К.Ашир «Қабыл – Адам Ата перзенті» (реж. К. Ашир) – Эда,
Д.Амантай «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң?..» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Дариға,
Қ.Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Нигар ханум,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази)– Турандот,
М.Ғапаров «Тұзды шөл» (реж. Т. әл-Тарази) – Айғаныш,
В.Смехов «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» (реж. Т. Аралбай) – Шаһаризада,
Н. Әбдіқадыров «Шыңғысханның соңғы мұхиты» (реж. Н. Әбдіқадыров)– Бөрте,
Эврипид «Медея» (реж.А.Кабдешева) – Медея.
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Миссис Хиггинс
Кинодағы рөлдері:
«Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. фильмдерінде рөлдер сомдады.