1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір қаласы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
2009-2013 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша оқып шықты.
2013 жылы Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театрының, кейін «Қазақконцерт» МҚҰ «Астана Мюзикл» мемлекеттік театрының актерлік құрамында жұмыс атқарды.
2018 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
И.Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) - Абзал,
В.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева) - Эллак,
М.Әуезов «Қобланды» (реж. Н.Жақыпбай) – Хабаршы,
А. Володин "Қоштасқым келмейді" (реж. А. Маемиров) - Кириолошвили.
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Орта бойлы,
Р. Отарбаев "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (реж. А. Кабдешова) - Таңжарық,
Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" (реж. Ж. Жұманбай) - Сейіт,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ө. Салимов, А. Кәкішева) - Меркуцио,
Ұжымдық жұмыс "Құйын" (реж. Ә. Өмірбекұлы) - 2 кейіпкер
Кинодағы рөлдері:
«Кейкі мерген», «Егіз ғұмыр», «Тасөткел».