Қазақстан Республикасының Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2002ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2010ж.), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры сыйлығының лауреаты (2010ж.), "Үздік актер" номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері (2017ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің иегері (2021ж.), Еліміздің мәдениетінің өркендеуіне ұзақ жылдар бойы қосқан үлесі және ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті үшін "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің "Мәдениет майталманы" медалінің иегері (2022ж.).
1971 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келді.
1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын «Театр-кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абайа» – Мағауия (реж. Ә. Мәмбетов), Керім (реж. Е. Обаев),
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Жарас,
М. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» (реж. Қ.Сүгірбеков) – Әзімбай,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» («Махаббат дастаны», реж. Қ. Сүгірбеков) – Жантық,
А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов) – бекзада Сарын,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә. Рахимов) – Рахат,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов) – Дәріс,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т.Әл-Тарази) – Спаргапис,
Шахимарден мен Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Мойынсыз,
Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н. Жақыпбай) – Суретші,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Мәмбет,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Троицкий,
С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш» (реж. А. Кәкішева) – Тойболды,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Фонов,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев) – Күнту,
Т.Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – Ұры,
У.Шекспир «Асауға – тұсау» (реж. Ә. Мәмбетов) – Горацио,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Ромео,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Бригелла,
Н. Гоголь «Ревизор» («Пара», реж. Е. Обаев) – Хлестаков,
А. Чехов «Шағала» (реж. Б. Атабаев) – Треплев,
Кафка «Құбылыс» (сахналық нұсқа Е. Аманшаев, реж. Қ. Сүгірбеков) – Грегор Замза,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Ганфельд,
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» («Күнәһар», реж. О. Кенебай) – Диуана,
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д.Жұмабай) – Едіге, т.б.
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Альфред Дулиттл.
Кинодағы рөлдері:
«Қыз жылаған», «Сардар», «Оралман», «Біржан сал», «Егіздер», «Ақсұңқар», «Мағжан» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.