Нұрсұлтан Елік

Нұрсұлтан Елік

Өмірбаян

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық қызмет басшысы

Phd - докторы (2019 ж.), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», "Қазақ хандығына 550 жыл"мерекелік медалі (2015-2016), Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Құрмет граматосы" (2022), "Түркі дүниесінің театр өнеріне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (2024).


1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов ауданында дүниеге келген.

2004-2007 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің "Театр актері" бөлімінде білім алып, "Актер өнері" мамандығы бойынша тәмамдады.

2007 - 2011 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын «режиссура» мамандығы бойынша оқып бітірді.

2013 - 2014 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында «Жоғарғы курс, режиссура» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, 2015 - 2018 жж. «Өнертану» мамандығы бойынша докторантурада білім алып шықты.

2012 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.

2012 ж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы “ Музыкалық театр” кафедрасының доценті

2019-2023 жж Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнері» факультетінің деканы.

2023 жылдан бастап Assyltas театрының негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі.

2023 жылдың қыркүйек айынан бері М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық қызмет басшысы.


Режиссерлік қойылымдары:

2010 ж. Р. Мұқанова «Сен» драма

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Есмұхан Обаевпен бірлесіп Т. Әбдіковтің «Ұлы мен ұры» (2012 ж.),

2013 ж. Ж. Ерғалиевтің «Жетім тағдыр» шығармасының желісі бойынша «Қас қағым..» метафизикалық-трагедиясы.

2011 ж. С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрында Иран-Ғайыптың «Бөшке»,

2012 ж. Тараз облыстық Қазақ драма театрында Жан Коктоның «Адам дауысы»,

2014 ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасына қарасты опера және балет театрында С. Ахметова мен Р. Шынықұловтың «Махаббат Мұнарасы» мюзиклін,

2015 ж. Беларусь мемлекетінің Минск қаласында өткен ІІ жас театр қайраткерлерінің форумының аясында, Беларусь драма театры актрисаларымен Д.Богословсийдің «Блонди» пьесасын сахналады.

2016 ж. У. Шекспирдің "Король Лир" драма.

2016 ж. А. Дюма «Граф монте кристо» мюзикл

2017 ж. Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» музыкалық-драма

2020 ж. А. П. Чеховтың «Шағала» трагедия, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

2021 ж. Б. Брехт "Пері қатын" драма

2021 ж. Г. Насированың «Мениң билән муңдашқин» драма, Х. Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры

2022 ж. М. Әуезов "Қаргөз" трагедия

2023 ж. Талдықорған қаласындағы Бикен Римова театрында Н.В. Гогольдің "Ревизор" қойылымын сахналады.

2023 жылы Assyltas театрында Б. Беделханның "Арена" драмасын сахналады.

Х. Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында Г. Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» драмасын сахналады.

2024 ж. Б. Беделхан «Тарихқа тағзым» тарихи драма, Assyltas театры.

2024 ж. А. Ихсанның «Қасым хан» тарихи драма, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры.

2025 ж. А. Ахмет « Абай әлемі» трагедиясы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Assyltas театры.

2025 ж. М. Омарованың «Мені тауып алшы» драма, Assyltas театры.


Жетістіктері:

Тараз қаласында өткен «Тараз – дебют» жас режиссерлер байқауында француз драматургі Жан Коктоның «Адам дауысы» шығармасы үшін «Гран - при» иегері (2012 ж);

2013 ж. Еуропалық театр мәдениеті ассоциациясы бойынша Италия мемлекетінің Рубьера қаласындағы "LA CORTE OSPITALE" орталығында біліктілігін арттырды.

"Қас қағым" трагедиясы Қырғызстанда өткен V Халықаралық "ARD ORDO" театрлар фестивалінен «Гран - при» иегері (2015 ж);

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымының жоғары деңгейде өтуіне белсене қатысқаны үшін медалімен марапатталды (2015 ж);

2016 жылы С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік кинематография институтында (Мәскеу қ., Ресей) және 2015 жылы Илья Чавчавадзе атындағы Грузин мемлекеттік өнер университетінде (Тбилиси қ., Грузия) ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.  

Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында өткен «Нигохи нав» Халықаралық театр фестивалінде У. Шекспирдің «Лир патша» трагедиясы «Гран-При» жеңіп алды (2016 ж.)

"Қазақ театрындағы шетел шығармаларының интерпретациясы" кітабының авторы

2017 ж. Қ. Сүгірбеков атындағы жас режиссерлердің форум фестивалінің Гран-при иегері.

Ә. Молдабековтың 80-жылдығына арналған «Театр көктемі–2018» фестиваліне қатысып, "Үздік қойылым" номинациясымен «Қыз Жібек» қойылымы марапатталды.

2018 ж. Арменияның Ереван қаласында өткен III Халықаралық жас театр қайраткерлерінің форумына қатысып, У.Шекспирдің «Лир патша» трагедиясымен қатысып, дипломмен марапатталды.

2019 ж. маусым айында «Театр өнері» факультетінің 3 курс студенттерімен Қазан қаласында өткен І Халықаралық студенттік "Наурыз school" театр фестиваліне «Қарагөз» қойылымымен қатысып, дипломмен марапатталды.

2021 ж. А. Чеховтың «Шағала» қойылымы кәсіби сыншылар тарапынан "Жылдың үздік қойылымы - 2020" жүлдесімен марапатталды. 

2021 ж. ҚР тәуедсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қарашаңырақ-    2021» театр фестивалінде "Пері қатын" спектакліндегі үздік режиссура үшін «Қайрат Сүгірбеков» атындағы жүлдесімен марапатталды және сол жылы Данагүл Темірсұлтанова «Пері қатын» ролі үшін Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінен "Үздік актриса" номинациясын иеленді.

2021 ж. Ресейдің Ярославль қаласында өткен ХХI- халықаралық Ф. Волков атындағы театр фестивалінде А. Чеховтың «Шағала» қойылымын көрсетіп, Ресейлік театр мамандарынан жоғары бағасын алып қайтты.

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 97-шы маусымы режиссер Е. Нұрсұлтан сахналаған М. Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясымен ашылды және сол жылы Ә. Мәмбетовтың 90 жылдығына арналған «Қарашаңырақ» театр фестивалінде Ә. Мәмбетов жүлдесімен марапатталды.

2023 жылы Орта Азия халықаралық фестивалінде А. Чеховтың «Шағала» қойылымын қатысып, "Гран-при" жүлдесін жеңіп алды.

2023 жылы Талдықорған қаласындағы Бикен Римова театрында Н.В. Гогольдің "Ревизор" қойылымын сахналады. Сол жылы Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінен "Жылдың үздік ансамблі" номинациясын иеленді.

2023 жылы «Қазақ үні» газеті мен ұлттық порталының дәстүрлі "Жыл адамы" таңдауы бойынша "Үздік театр режиссері"атанды.

2024 жылы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында А. Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасын сахналады және сол жылы Қазақстан Театр сыншылар бірлестігінен "Жылдың үздік ансамблі" номинациясын иеленді.

Мемлекеттік, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған 100-ден аса мерекелік кештерге режиссерлік жасап, түрлі қойылым топтарын басқарып, шығармашылық ізденістер танытты.


Фильмография:

"Кінәратсыз күнә" (режиссері Б. Шәріп)

"Ай астындағы үшеу" (режиссері Ж. Пошанов)