1987жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шошанай ауылында дүниеге келді.
2005-2009жж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, актер мамандығын тәмамдады.
2010жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Еңлік–Кебек» (реж. Х.Әмір-Темір) – Жапал,
Е.Жуасбек «Күлемізбе, жылаймыз ба?!..» (реж. М.Ахманов) – Рома,
І.Есенберлин «Алмас қылыш»(реж. А.Кәкішева) – Сүйіншік,
М.Кәрім «Күнәһар» («Ай тұтылған түн», реж. О.Кенебаев) – Ишмұрза,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов) – Жарбол,
Т. Нұрмағанбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. Ә. Рахимов) – Қырғыз,
М. Сәрсекен «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Кезбе,
Ғ. Есім «Таңсұлу» (реж. А. Кәкішева) – Бала,
Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т. әл-Тарази) – Барысхан,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Кәріс шал,
А. Эннери мен Ф. Дюмануар «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә.Рахимов) – Ласарильо,
И.Вовнянконың «Қаза мен жаза» драмасында (реж. А.Әшімов) – Пух,
Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" (реж. Ж. Жұманбай) - Әкімбай,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ө. Салимов, А. Кәкішева) - Бенволио,
Ш. Айтматов "Кассандра таңбасы" (Сахналық нұсқа: М. Омарова, реж. А. Оспанбаева) - Футуролог (Роберт Борк), Оливер Ордак
Кинодағы рөлдері:
«Жаужүрек мың бала», «Тар заман», «Айман-Шолпан», «Бөрі», «Қашқын», «Ұзақ жол» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.