Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы

Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы

Өмірбаян

«М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК директоры

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019 ж.), Өнертану ғылымдарының кандидаты (1994 ж.).

1965 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыбарақ ауылында дүниеге келген.

1982 – 1988 жж. Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Еңбек жолы:

1988 – 1990 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға лаборант қызметін атқарудан бастау алады.

1990 – 1993 жж. Ұлттық Ғылым академиясының аспирантурасында оқыған.

1994 жылы Ұлттық Ғылым академиясы әдебиет және өнер институтында «Қазақ қуыршақ театрының құрастырылуы және қалыптасуы» тақырыбында диссертация қорғаған.

1994 – 1996 жж. Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтында қазақ және әлем театр тарихы пәнінен дәріс берген. Сондай-ақ, сол жылдары ол: М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер де болды.

1996 – 1997 жж. Республикалық Мәдениет мәселесі жөніндегі Ғылыми орталықта бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1997 – 1999 жж. ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінде театр және өнер бөлімін басқарды.

1999 жылы Республикалық неміс драма театрының директоры қызметіне тағайындалды. Аталған қызметте 2001 жылға дейін қызмет еткен білікті басшыны осы, 2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әкімшілік директоры жауапты қызметіне ауыстырып тағайындады. Сол қызметінде ол 2008 жылға дейін жемісті еңбек етті.

2008 – 2013 жылдары Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры.

2013 – 2015 жж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап, 05.03.2020 жылға дейінгі аралықта Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Е. Жуасбектің театрларды басқару қызметіндегі ұзақ жылғы білікті де іскерлік қайраткерлігі, сыншы ретіндегі сарабдал жолы мен ұстаздық, драматург ретіндегі, жалпы айтқанда, мәдениетіміздің өркендеуіне қосқан қомақты еңбегі ескеріліп, 2019 жылдың желтоқсан айында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен марапатталды.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың  бұйрығымен «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.

2021 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің иегері.