Хасанова Гүлмира Екпінқызы

Хасанова Гүлмира Екпінқызы

Театр артисі

Өмірбаян

1991 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. 

2015 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін «Музыкалық драма артисі» мамандығы бойынша тәмамдады. 

2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 


Сахнадағы рөлдері: 

Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Қыз Жібек,

Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М. Ахманов) - Мейіз



Кинодағы рөлдері: 

«Жедел жәрдем», «Ақылдың кілті», «Бабалар үні», «Ғашықтар», «Туған жер» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.