Қазақстанның халық артисі (1998), «Құрмет» орденінің иегері (2013), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).
1957 жылдың Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.
1974-1978 жж. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Өнер институты театр факультетінің актерлік бөлімін оқып бітірді.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» (реж. Мен Дон Ук) – Баян,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарлығаш,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Мөржан,
М. Әуезов «Айман–Шолпан»(реж. Е. Обаев) – Теңге,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Қамажай,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Ана,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Маруся,
У. Шекспир «Асауға тұсау» (реж. Б. Омаров) – Катарина,
А. Володин «Екі жебе» (реж. Ч. Зулхашев) – Бақа,
М. Каорудың «Шығыстағы бір бейбақ» (реж. Мен Дон Ук) – Кей,
Ш. Башбеков «Шойын қатын» (реж. Е. Жылқышынов) – Ғаламат,
Г. Горин «Атың шықпаса...» («Забыть Герострата», реж. А. Оразбеков) – Эрита,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Елена,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Паола Клотильда,
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Миссис Эйнсфорд
Р. Отарбаев "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (реж. А. Кабдешова) - Ақбала,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ө. Салимов, А. Кәкішева) - Джульеттаның күтушісі.
Кинодағы рөлдері:
«Қозы Көрпеш–Баян сұлу» (реж. Ә. Әшімов), «Ақсұңқар» (реж. М. Бидосов) фильмдерінде, «Айналайын» сериалында, «Әсел және оның достары», «Сырғалым», «Қыз жолы» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.