Әдеби редактор
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен ҚР және РФ театрларының оқу орындары мен жастары арасындағы I өңірлік эксперименттік фестиваль - зертханасында "Тағдыр" қойылымы үшін "Алғыс хатпен" марапатталды (2011 ж.). Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының республикалық байқауында М.Әуезовтің 18 - 40 жас аралығындағы драматургтер арасында жарияланған "Замандас келбеті " пьесасы байқаудың үздік әрі жеңімпазы атанды (2015 ж.). "Алтын қалам 2015" республикалық тәуелсіз әдеби байқауында "Алдамшы үміт" пьесасы "Жылдың үздік киносценарий және драматургиясы" номинациясының иегері (2015 ж.). Шымкенттегі "Тәуелсіздік толғауы" республикалық байқауында "Пони" пьесасы үшін 3 - орын иегері (2016 ж.).
1987 жылы Моңғолияда дүниеге келген.
2005 - 2009 жж. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Құрылысшы» мамандығын оқыды.
2009 - 2011 жж. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітірді.
2011 - 2015 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша бітірді.
2017 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Пьесалары:
«Шырмаудағы ғұмыр» (2013 ж.),
«Қуыршақ» (2013 ж.),
«Шырғалаң» (2014 ж.),
«Алмашы үміт» (2015 ж.),
«Түнек» (2015 ж.),
«Пони» (2016 ж.),
«Cаусақ» ( 2016 ж.),
«Бақыт кілті» (2016 ж.).
Театрда сахналанған пьесалар:
"Алдамшы үміт" пьесасы Арқалық қаласындағы Жастар театрында қойылды. Режиссері: Әлия Елубайқызы (2016 ж.);
"Алдамшы үміт" пьесасы Көкшетаудағы Шахмат Құсайынов атындағы Қазақ драма театрында қойылды. Режиссер: Фархатбек Канафин (2016 ж.);
«Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев).