1993 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келді.
2012 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша білім алды.
2015 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Бұрындық,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Серікбай,
У. Шекспир «Гамлет» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Қабірші,
Р. Отарбаев "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (реж. А. Кабдешова) - Әкбар батыр.
М. Әуезов "Қарагөз" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Нарша
Кинодағы рөлдері:
«Жаным менің», «Қазақ батырлары», «Красный уровень», «Алмасай», «Құсайыновтар», «Өмір жолы» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.