Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015 ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016 ж.)
1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Таубай ата ауылында дүниеге келді.
2004 - 2008 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының "Театр және кино актері" мамандығы бойынша оқып бітірді.
2007 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев) – Нұрғаным,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – Нұргүл,
Қ. Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында (реж. Е. Обаев) – Жанар,
Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М.Ахманов) – Дәнекер,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Жеңгелер,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Мағыш,
Т. Нұрмағанбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Зүлейха,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Ғалия,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Т. Аралбай, Е. Обаев) – Сағыныш,
Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Агафья Тихоновна,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
М. Сәрсекен «Тендерге түскен келіншек» (реж. О.Кенебаев) – Кезбе,
М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Құртқа,
А. Володин "Қоштасқым келмейді..." (аударған және реж. А. Маемиров) - Судья,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев, қайта сахналаған - Е. Нұрсұлтан) - Шөкіш
Кинодағы рөлдері:
«Тәуекел» телехикаясы, «Лотерея» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөл сомдады.