Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015 ж.), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016 ж.), ҚР Ұлттық ұланы "Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл" кеуде белгісінің иегері (2018 ж.).
1965 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келді.
1980 - 1984 жылдары Қызылорда музыкалық училищесінде білім алды.
1987 жылы Алматы Мемлекеттік "Театр және Кино" институтына оқуға түсті.
1990 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актерлық құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Мақатаев "Қош, махаббат!" - Айбар,
У. Шекспир "Асауға тұсау" - Гортензио,
Ж. Аймауытов "Ақбілек" - Мұсабай,
Ә. Кекілбаев "Абылай хан" - Әбілмансұр,
Г. Гауптман "Ымырттағы махаббат" - Э. Кламрот,
Қ. Ысқақ, Шахимарден "Қазақтар" - Қасымхан,
Д. Исабеков "Әпке" - Омар,
Қ. Ашир "Қабыл - Адам Ата перзенті" - Абыл,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден "Қазақтар" – Мұхаммад Шайбани,
Д.Л. Кобурн "Ойыннан от шығар..." (аударған Е. Аманшаев, реж. Е. Аманшаев, А. Кәкішева) - Веллер Мартин,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Айдар