Омарова Мадина Мырзахметқызы

Омарова Мадина Мырзахметқызы

Өмірбаян

Әдебиет бөлімінің меңгерушісі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты (2016), Ұлттық «Сахнагер» сыйлығының лауреаты (2017), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2012).

1975 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген.

1992-1996 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Филология факультетін «Аудармашы» мамандығы бойынша оқып бітірген.

1996-1998 жж. Т. Жүргенов атындағы Театр және Кино институтында «Кино және театр драматургы» мамандығы бойынша оқыған.

2013жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы жұмыстары:

«Ақтастағы Ахико» (реж. А. Маемиров),

«Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева),

У. Шекспир «Лир патша» (сахналық нұсқа: М. Омарова, реж. Е. Нұрсұлтан).

"Абайдың жұмбағы" (реж. А.Оспанбаева)

Аудармалары:

2020 жылы Абайдың 175 жылдығына орай Ұлттық Аударма Бюросы тапсырмасы бойынша Абай мұрасын (45 қара сөзін, 3 поэмасын және 100 өлеңін) орыс тіліне аударды.

Сонымен бірге әлем әдебиетінің көптеген прозалық және драмалық шығармаларын, кино өнімдерін қазақ тіліне аударған.