1995 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.
2010-2013 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының колледжінде білім алған.
2014-2016 жж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен музыкалық білім алды.
2013 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
У. Шекспир «Отелло» (ауд. М. Әуезов, сахналық нұсқа: Ә. Бөпежанова, реж. Н.М. Птушкина) – Дездемона.
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д. Жұмабай) – Бұғы ана.
С. Мұқановтың "Мөлдір махаббат" (реж. Ә. Рахимов) - Қалиса.
М. Әуезов "Қарагөз" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Ақбала
Кинодағы рөлдері:
«Тас өткел», «Бөрі» «Кебенек», «Абзал жан», «Мұқағали», «Бақсы» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.