1994 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2011-2015жж. Алматы қаласындағы Энергетика және Байланыс Университетін «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша тәмамдады.
2015 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Музыкалық театр артисі» мамандығын тәмамдады.
2018жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М.Ахманов) – Жылкелді,
Л.Толстой «Анна Каренина» (реж. Е.Обаев) – Алексей Вронский,
Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" (реж. Ж. Жұманбай) - Кенжеғұл, Елес жігіт.
Кинодағы рөлдері:
«Ұят болмасын» телебағдарламасы, «Сұңқар», «Өмір дастаны-2», «Сүйе білсең-2», «Сарбаз», «Махаббат қызық мол жылдар», "Боран" және т.б. телехикаялар мен фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.