Мамытқалиев Қуанышбек Сабырқожаұлы

Мамытқалиев Қуанышбек Сабырқожаұлы

Театр артисі

Өмірбаян

«Қазақ өнерінің қайраткері» (2021 ж.).

1983 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келді.

2003 - 2007 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Музыкалық театр және кино актеры» мамандығы бойынша білім алды. 

2007 - 2009 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Театр өнері» факультетінің магистратурасында білім алды.

2005 жылы «Ақсарай» мюзикл театрына қабылданды.

2008 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында «Сахна шеберлігі» пәнінен дәріс берген.

2016 жылдан Т. Жүргенов атындағы атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс береді.


Театрдағы рөлдері:

Ғ. Есім "Таңсұлу" (реж. А. Кәкішева) - Жойқын,

Ғ. Мүсірепов "Қыз Жібек" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Қаршыға,

А. Володин "Қоштасқым келмейді..." (аударған және реж. А. Маемиров) - Судья,

Т. Нұрмағанбетов "Қожанасыр тірі екен" (реж. О. Кенебаев) - Қырғыз,

М. Әуезов "Қарагөз" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Дулат,

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Жарқын


Режиссерлық жұмысы:

М. Задорнов "Күйеуіңізді сатыңызшы"


Фильмография:

"Астанаға көктем кеш келеді", "Бозбала шақтың соңғы жазы", "Мәңгі өмір сүргін келсе", "Ұзақ жол", "Шекара шебінде", "Тамыр", "Үміт", "Қара шаңырақ".

Рольдер

КӨШКІН
Роль: Күзетшілер
Режиссер: А. Кәкішева
Автор: Т. Жуженоғлы, аударған: О. Қыйқымов
ҚЫЗ ЖІБЕК
Роль: Қаршыға
Режиссер: Е. Нұрсұлтан
Автор: Ғ. Мүсірепов
ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ...
Роль: Судья
Режиссер: А. Маемиров
Автор: А. Володин, аударған: А. Маемиров
КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?
Роль: Рома
Режиссер: М. Ахманов
Автор: Е. Жуасбек
ҚОЖАНАСЫР ТІРІ ЕКЕН
Роль: Қырғыз
Режиссер: О. Кенебаев
Автор: Т. Нұрмағамбетов

Галерея

Мамытқалиев Қуанышбек Сабырқожаұлы Мамытқалиев Қуанышбек Сабырқожаұлы