Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1982ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2008ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016ж.), "Парасат" орденінің иегері (2017ж.), "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері "Сахналық ғұмыр" (2017ж.).
1951 жылдың 25 ақпанында Орал қаласында дүниеге келген.
1969-1973 жж. Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының Театр факультетінде оқыды.
1973 жылы М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әлиман,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Қарагөз,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Еңлік,
Т. Ахтанов «Жоғалған дос» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ғайни,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Гауһар,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – комиссия мүшесі,
Ә. Әбішев «Кәусар» (реж. Ә. Рахимов) – Кәусар,
Н. Әбутәлиев «Өттің, дүние» (реж. Ә. Рахимов) – Ханша,
А. Сүлейменов «Жетінші палата» (реж. Ә. Рахимов) – Медбике,
Ғ. Мүсірепов «Амангелді» (реж. А. Әшімов) – Бану,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бәтестің анасы,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Күләш депутат,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Ана,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андреасян, А. Кәкішева) – Анфиса, т.б.
Кинодағы рөлдері:
«Қыз Жібек» (1970), «Ғани Мұратбаев» (1971), «Ұлдың оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1978), «Тентек балалар» (1980), «Аждаһа жылы» (1981), «Өрнек» (1982), «Өтелмеген парыз» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы» («Мосфильм», 1982), «Шоқан Уәлиханов» (1983), «Провинциялық хикая» (1981), «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (1985), «Махамбет» (2008), «Арман қала» (2009), «Секіріс» (2010) фильмдерінде, сондай-ақ «Хабар» агенттігінің «Жаным» телесериалында (2010-2012) және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.