Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).
1985 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келді.
2003-2007 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын Актер мамандығы бойынша оқып бітірді.
2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Матай,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Баймағамбет, Пристав,
М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Жәбірбаев Оспан,
Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – Бейтаныс жігіт,
Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Жұмысшы,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Ақын,
Ә. Рахимов «Қылмыскерге куәлік» (реж. Ә. Рахимов) – Масақ,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Марат,
Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – III рубасы,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Әупіш,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Жынды,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Әскери,
М. Кәрім «Күнәһар» (реж. О. Кенебаев) – Рысқұл би,
У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Дәрмекші,
Г.В.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева) – Абыз,
Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" (реж. Ж. Жұманбай) - Әкімбай.
Кинодағы рөлдері:
«Трубадур» (реж. Э. Гельман), «Нереальная любовь» (реж. Ә. Қарақұлов), «Байқоңыр» (реж. Ф. Хельмер), «Тракторшының махаббаты», «Қашқын» және т.б. фильмдерде рөлдер сомдады.