Қарабалина Назгүл Әдиетқызы

Қарабалина Назгүл Әдиетқызы

Театр артисі

Өмірбаян

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (2022 ж.), Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты (2002 ж.), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2010 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік медалінің иегері (2021 ж.).

1978 жылдың Орал облысы, Ақжайық ауданы, Шолохов атындағы ауылда дүниеге келген. 

1993 - 1997 жж. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищесінде оқыды. 

1997 - 2000 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқыды. 

2001 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды. 


Театрдағы рөлдері: 

М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Шолпан, 

Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Айжаңа, 

Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н. Жақыпбай) – Сұлу, 

Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» (реж. О. Кенебаев) – Гүлжан, 

Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» (реж. О. Кенебаев) – Әйгерім, 

Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Инкен, 

Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А. Әшімов) – Мехменебану, 

М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Оксана, 

М. Байджиев «Қылмыс» (реж. О. Сәрсенбек) – Мәриям, 

А. Чеховтың «Апалы-сіңілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Маша,

М. Әуезов «Қобыланды» (реж. Н. Жақыпбай) – Қарлыға,

Д. Исабеков "Жаужүрек" (реж. Е. Обаев) - Екатерина,

Б. Қажынәбиева "Туған күн" (реж. Е.Кәрібаев) - Қыз,

Л. Толстой "Анна Каренина" (аударған: А. Маемиров, реж. Е. Обаев) – Анна Каренина,

И. Сапарбай "Сыған серенадасы" (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) - Изольда,

Ә. Нұрпейісов "Қан мен Тер. Ақбала" (реж. А. Оспанбаева) - Ақбала


Кинодағы рөлдері: 

«Дүние жарық», «Құрақ көрпе», «Үйректің жүрегі», «Махамбет», «Ауылым – әнім» фильмдерінде, «Періште» телесериалында және ресейлік «Мангазияға жол» фильмінде рөлдер сомдады. 

Рольдер

МАХАББАТ ДАСТАНЫ
Роль: Баян
Режиссер: Қ. Сүгірбеков
Автор: Ғ. Мүсірепов
КӨШКІН
Роль: Келін
Режиссер: А. Кәкішева
Автор: Т. Жуженоғлы, аударған: О. Қыйқымов
ТУҒАН КҮН
Роль: Қыз
Режиссер: Е.Кәрібаев
Автор: Б.Қажынәбиева
ЖАУЖҮРЕК
Роль: Екатерина
Режиссер: Е. Обаев
Автор: Д. Исабеков
АҚЫН, ПЕРІШТЕ, МАХАББАТ
Роль: Періште
Режиссер: Ә. Рахимов
Автор: Ә. Тарази
АННА КАРЕНИНА
Роль: Анна Каренина
Режиссер: Е. Обаев
Автор: Л. Толстой, аударған: А. Маемиров
СЫҒАН СЕРЕНАДАСЫ
Роль: Изольда
Режиссер: Е. Обаев, Т. Аралбай
Автор: И. Сапарбай

Галерея

Қарабалина Назгүл Әдиетқызы Қарабалина Назгүл Әдиетқызы Қарабалина Назгүл Әдиетқызы Қарабалина Назгүл Әдиетқызы