Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1976), Қазақ ССР - нің халық артисі (1991), «Парасат» орденінің иегері (2010), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері (2016).
1936 жылы Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданында дүниеге келді.
1954-1959 жж. Құрманғазы атындағы Консерваторияның театр бөлімін оқып бітірді.
1959 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Айсұлу,
Ә. Тәжібаев «Той болар» (реж. Ә. Мәмбетов) қойылымында – Айбала,
Қ. Мұхамеджанов «Құдағи келіпті» (реж. Ә. Мәмбетов) – Марфуға,
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Майра,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тері» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ақбала,
Ш. Құсайынов «Алдар Көсе» (реж. Ә. Рахимов) – Меңсұлу,
М. Әуезов «Түнгі сарын» (реж. С. Елеусізов) – Жүзтайлақ,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарлығаш,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. А.Л. Мадиевский) – Ақбала,
Т. Ахтанов «Күтпеген кездесу» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ғалия,
С. Жүнісов «Ажар мен ажал» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Ажар,
А. Сүлейменов «Төрт тақта – жайнамаз» (реж. Ә. Рахимов) – Хатшы әйел,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов) – Ұрқия,
Абай шығармашылығы бойынша сахналанған «Абай десем…» (реж. Б. Атабаев) қойылымында – Ұлжан,
М. Мақатаев «Қош, махаббат!» (реж. Б. Атабаев) – Иіс кемпір,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Кейіпкер,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Әйел,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әлиман,
Ш. Айтматов «Ақ кеме» (реж. Ә. Мәмбетов) – Бекей,
Т. Муродтың «Ат жылаған түн» (реж. О. Салимов) – Сұлтан кемпір,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жұманиязов) – Күтуші кемпір,
Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә.Рахимов.) – Гүлбарам,
Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша…» (реж. Ә. Рахимов) – Фатима,
Б. Жакиев «Жүрейік жүрек ауыртпай…» (реж. Е.Обаев) – Күлегеш әйел
Кинодағы рөлдері:
«Болашақ» сериалында, «Хабар» телеарнасындағы «Бірлігіміз жарасқан» жобасында және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.