Қоюшы - режиссер
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000 ж.), ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің "Құрмет" грамотасын иеленген (2002 ж.).
1953 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар селосында дүниеге келді.
1971 - 1975 ж.ж. Алматы қаласындағы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының театр факультетінің актер бөлімін бітірген.
1975 жылы Талдықорған облыстық қазақ драма театрында 15 жыл актер қызметін атқарған.
1976 жылдан бастап Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
1990 - 1993 ж.ж. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы театр және кино институтының режиссура факультетін оқып бітіріп, сол жылы Талдықорған облыстық қазақ драма театрына кезекті режиссер болып орналасты.
1994 жылы Мәдениет министірліктің жолдамасымен Қарағанды облыстық қазақ драма театрына бас режиссер болып тағайындалды. 2000 жылдан бастап көркемдік жетекші қызметін қосымша атқарды.
2009 жылы арнайы шақырумен Астана қалалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының режиссері болып тағайындалды.
Сахналаған спектакльдері:
А. Горин "Атың шықпаса..."
Е. Разумовская "Медея"
Ж. Шеврен "Ізгілік формуласы"
М. Әуезов "Абай", "Айман - Шолпан", "Қорғансыздың күні"
Ш. Айтматов "Ана - Жер - Ана"
Т. Джюдженоглы "Көшкін"
Ш. Мұртаза "Домалақ ана"
Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов "Беу, қыздар - ай"
Ә. Тарази "Үкілі жұлдыз"
Ж. Ануй "Жалын жұтқан Жанна д Арк"
Қ. Жүнісов "Сәкен - Сұңқар"
М. Машаду "Бразилия байлығы"
М. Әуезов, Қ. Ысқақ "Қараш - қараш"
А. Айларов "Сүрінген сүрбойдақ"
К. Кизи "7+1"
Ф. Болонья "Байланыс аясы"
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" комедия (2022ж.)
М. Әуезов "Еңлік - Кебек"
Драматургиясы:
"Бір түп алма ағашы", "Сенім", "Соқыр үміт" пьесалары.
Инсценировкалары:
М. Әуезов "Қорғансыздың күні"
Ш. Айтматов "Әділет азабы"
Ш. Шевре "Ізгілік формуласы"
Аудармалары:
С. Лобозеров "Жындыханадан келген мейман"
Фильмография:
О. Бөкейдің "Сайтан көпір" атты шығармасының негізінде түсірілген "Айқай" атты көркем фильм (реж. Д. Манабай) - Эрик .
"Көзімнің қарасы" (реж. С. Нарымбетов) - Мұқан
"Аян" (реж. Д. Манабай) - Ербол
"Судағы із" телехикая (реж. Т. Теменов) - Полковник Амиров
"Қазадан кейінгі жаз" (реж.Т. Теменов)
"Шырағым" телехикая (реж. Н. Карбозов) - Директор
Марапаттары:
2002 жылы, 2006 жылы Қарағанды облысы әкімі "Жыл режиссері" номинациясымен марапаттады.
2014 жылы Павлодар қаласында өткен қайраткер, тұлға, жазушы Ж. Аймауытовтың 125 жылдығына арналған "Алаш ардақтысы" аймақтық театр фестиваліне Әкім Таразидің "Люстра" шығармасының желісі бойынша сахналанған "Үкілі жұлдыз" фарс - трагедиясымен қатысып Гран - приді жеңіп алды.
2014 жылы V Орталық Азия мемлекеттерінің Халықаралық театр фестиваліне Ж. Ануйдың "Жалын жұтқан Жанна д Арк" драмасымен қатысып Гран - приді жеңіп алды.
2017 жылы Астана қаласында өткен "Сахнадан сәлем" V Халықаралық театрлар фестиваліне М. Әуезов пен Қ. Ысқақтың "Қараш - қараш" әлеуметтік драмасымен қатысып, сарапшылардың оң бағасын иеленді.
2017 жылы Астана қаласында өткен А. Әшімовтің 80 жылдығына арналған І дүниежүзілік "Астана" театр фестиваліне М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" драмасымен қатысып, шетелдік мамандардан жинақталған сарапшылар алқасының жоғарғы бағасын алды.
2019 жылы Талдықорған қаласында өткен Т. Жүргеновтің 120 жылдығына арналған Орта Азия елдерінің VII халықаралық театр фестиваліне М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" драмасы қатысып "Үздік режиссура" номинациясын жеңіп алды.