Оспанбаева Аридаш Амангелдіқызы

Оспанбаева Аридаш Амангелдіқызы

Өмірбаян

Қоюшы - режиссер

1995 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген.

2013-2018 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясындағы «Театр өнері» факультеті «Драма театрының режиссурасы» бөлімінде режиссура мамандығы бойынша білім алған.

2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.

Режиссерлік қойылымдары:

А. Аламан «Жүрегімнің Иесі» психо - физикалық драмасы (2017 ж).

Б. Беделхан «Мұқағалимен сырласу» (2019 ж) .

2018 жылы Иран Ғайыптың «Сүйінбай» спектаклін режиссер М. Ахмановпен, 2019 жылы М. Әуезовтің «Қобыланды» спектаклін режиссер Н. Жақыпбаймен бірлесе сахналады.

Б. Әбділманов, М. Омарова "Абайдың жұмбағы" драма (2020 ж.)

Ә. Нұрпейісов, сахналық нұсқасын жасаған: М. Омарова "Қан мен Тер. Ақбала" трагедия (2022 ж.)

Ш. Айтматов, сахналық нұсқасын жасаған: М. Омарова "Кассандра таңбасы" футуристік трагедия (2023ж.)


Жетістіктері:

2016 жылы Мәскеудегі ІХ Халықаралық режиссерлер конкурс-фестивалінде Н.В. Гогольдің «Жындының жазбалары» шығармасын сахналап, «За нестандартное режиссёрское решение классики» номинациясы бойынша Гран - При иегері.