Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1991ж.), доцент (1997ж.), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі (1998ж.), профессор (2005ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2005ж.), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009ж.), «Парасат» орденінің иегері (2016ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016ж.)
1946 жылы Алматыда дүниеге келді.
Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетінің актерлік бөлімін бітірді.
1968 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды .
Театрдағы рөлдері:
Ә. Тәжібаев «Майра» (реж. Б. Омаров) – Айбарша,
М. Әуезов «Айман-Шолпанында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Шолпан,
М. Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә. Мәмбетов) – Күнікей,
Ш. Айтматов «Ана-Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов, ауд. Қ. Мұхамеджанов) – Әлиман,
Қ. Аманжолов «Досымның үйленуі» (реж. Ж. Омаров) – Мәмпәси,
Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Марфуға,
Д. Файзи «Башмағым» (реж. А. Пашков) – Сәруар,
Иран-Ғайып «Шыңғысхан» (реж. Б.Атабаев) – Есүй,
А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арула» (реж. Б. Атабаев) – Хеличем,
А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов) – Шұға,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Ирма,
Ә. Әмзеев «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қали,
С. Балғабаев «Сағыныш пен Елес» (реж. Ә.Рахимов) – Анар,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Жамал,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – Кемпір,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Зейнеп ақын,
У.Шекспир «Юлий Цезарь» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Порция,
Ф. Эрве «Түлкі бикеш» (ауд. С. Шаймерденов, реж. Ә. Мәмбетов) – Дениза,
М. Булгаков «Жендеттер» (ауд. А. Сүлейменов, реж. В. Мажурин) – Арманда Бежар,
А. Чехов «Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағай», ауд. Ә. Кекілбаев, реж. Ә. Мәмбетов) – Соня,
Е. Замятин «Еділ патша» («Аттила», ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Ю. Коненкин) – Еділдің бәйбішесі Кере ко,
Гогольдің «Парасында» («Ревизор», реж. Е. Обаев, ауд. М. Әуезов) – Анна Андреевна .
Л. Толстой "Анна Каренина" (аударған: А. Маемиров, реж. Е. Обаев) – Лидия Ивановна.
Кинодағы рөлдері:
«Қасқырдың қасіреті», «Назугум», «Қазақы оқиға» және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Өнер Академиясының Оқу театрында қойған спектакльдері:
А. Чехов «Ұсыныс»,
Д. Файзи «Башмағым»,
М. Әуезов «Еңлік-Кебек»,
Е. Брусиловский, Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек»,
Ф. Эрвең «Түлкі бикеш»,
М. Төлебаев «Біржан-Сара»,
Бомарше «Фигароның үйленуі»,
С. Алексиевич «Мамандығы: Отанды қорғаушылары»,
«Тағдыр» (Шәкәрім мен М.Әуезов туындылары желісімен), т.б.