Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1987ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2012ж.), Доцент (2007ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалінің иегері (2011ж,), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж,)
1948 жылы Ақмола (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келді.
1968-1972 жж. Мәскеудің Щепкин атындағы жоғары театр оқу орнын қазақ тобы құрамында, қызыл дипломмен бітіріп шықты.
1997 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Текті,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Зейнеп,
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Ж. Есенбеков) – Шолпан,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (реж. Ж. Хаджиев) – Мақпал,
М. Әуезов «Абай» романы желісімен жазылған «Ерте ояндым, ойландым» (реж. Ж. Хаджиев) драмасында – Қаныкей,
Т. Әбдіков «Біз үшеу едік» (реж. Ж. Хаджиев) – Дариға,
Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Ақбала,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Назгүл,
Д. Исабеков «Әпкее» (реж. Б. Омаров) – Қамажай,
С. Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» (реж. Ә. Рахимов) – Фарида,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Сәлима,
Ә. Әмзеев «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қара кемпір,
С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Ана,
Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!..» (реж. М. Ахманов) – Сары апа,
М. Кәрім «Ай тұтылған түнінде» (реж. М. Гладков) – Шафақ,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Елена Сергеевна.
Кинодағы рөлдері:
«Ағайындылар», «Айналайын» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.