Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2015), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері.
1987 жылы Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келді.
2005-2009 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында «Театр өнері» факультетінде білім алды.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Кәрім «Ай тұтылған түн» (реж. О. Кенебаев) – Зүбәржат,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев) – Оксана,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – қыз.
Кинодағы рөлдері:
«Песнь древа», «Расплата», «Айман – Шолпан», «Той любой ценой», «Базарбаеватар», «Өткінші жаңбыр», «Рывок», «Песнь древа» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.