Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017ж.), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994ж.), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәдениет саласындағы стипендиясының иегері (1995ж.), Республикалық театр фестивальі (Петропавловск) Бас жүлде иегері (2002ж.), Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (2008), Қазақстан Республикасының Театр Қайраткерлері одағының "Еңлік гүл" сыйлығының иегері (2009), ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының иегері (2010), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016).
1972 жылдың Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген.
1989 -1993 жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын «Театр-кино актері» мамандығы бойынша білім алды.
1993 М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази ) – Адельма,
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев) – Қарагөз,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Ажар, Әйгерім,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Зағыш,
Н. Гоголь «Пара» (реж. Е. Обаев) – Мария Антоновна,
Мольер «Ақымақ болған басым-ай» (реж. Ә. Рахимов) – Клодина,
Қ. Ысқақ «Жан қимақ» (реж. Б. Атабаев) – Бағила,
А. Сүлейменов «Қыздай жесір – штат қысқарту» (реж. Ә. Рахимов) – Үрия,
А. Сүлейменов «Жетінші палатаа» (реж. Ә. Рахимов) – Любава,
Иран-Ғайып «Шыңғысхан» (реж. Б. Атабаев) – әйел,
Б. Римова «Абай десем» (реж. Б. Атабаев) – Тоғжан,
Б. Покровский «Жуастан жуан» (реж. Н. Тұтов) – Сәния,
І. Есенберлин «Ғашықтар» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Ұлбосын,
Б. Майлин мен Қ. Ысқақ «Сабатаж-ж-ж» (реж. Ә. Рахимов) – Ләйлә,
Ә. Ақпанбет «Дүние-думан» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Айман,
Ж. Аймауытов «Ғашықтық дерті» (реж. Қ. Сүгірбеков ) – Күнікей,
Ә. Әмзеұлы «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – жеңге,
М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» (реж. О. Кенебаев)– Елена Владимировна,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – әйел,
Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Нұрилә,
Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б.Атабаев) – Бәти,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Шолпан,
Ә. Рахимов «Қылмыскерге куәлік» (реж. Ә. Рахимов) – Жібекше,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?…» (реж. О. Кенебаев ) – үлкен кемпір,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?!» (реж. О. Кенебаев) – Жеңге,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Маруся,
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Миссис Пирс,
Р. Отарбаев "Қытайдан жеткен сәлемдеме" (реж. А. Кабдешова) - Базаркүл.
Кинодағы рөлдері:
«Қиян», «Тауқымет», «Сағыныш», «Ағай», «Шернияз», «Ұшар», «Қыз жылаған», «Қазақы оқиға», «Жөшәнің махаббаты», «Секер», «Біржан сал», «Құрдастар», «Әпке», «Агент Z», «Шалғайдағы оқиға», «Домашние войны», «Рух», «Намыс» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.