Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2016).
1969 жылдың Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келді.
1990 жылы Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.
1991жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ажар,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Еңлік,
Б. Брехт «Тоғышардың тойы» (реж. Б. Атабаев) – Әпке,
М. Кәрім «Ай тұтылған түнінде» («Күнәһар», реж. О. Кенебаев) – Шафақ,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Кәмила, Гаухар,
Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Мақпал,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Қалиса,
Қ. Ысқақ «Жан қимақа» (реж. Б. Атабаев) – Бағила,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай» (реж. Б. Атабаев) – Хакима,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Айша,
В. Смехов «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әли баба және қырық қарақшы» мюзиклінде (реж. Т. Аралбай) – Зейнаб,
Шахимарден «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Мехри ханум,
Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» (реж. О. Кенебаев) – Сайра,
Ә. Әмзеұлы «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қали,
Иран-Ғайып «Мен келемін» (реж. Қ. Қасымов) – Ақмұнар,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Наталья Ивановна.
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Миссис Хиггинс,
М. Әуезов "Қарагөз" (реж. Е. Нұрсұлтан) - Текті құдағи
Кинодағы рөлдері:
«Қазақы оқиға», «Қыз жылаған», «Жол сәулесі» , «Қара шаңырақ», «Залалсыздандырушы», «Мент», «Аманат», «Ақсұңқар», «Тақиялы періште - 2» фильмдерінде, сондай-ақ «Айналайын», «Жас ұлан», «Арман қала – Астана», «Әке», «Судағы із», «Әпке», «Іңкәр жүрек», «Талан», «Мұздағы алын», «Абзал жан», «Әке», «Ақжауын», «Жолдастар» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады