Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1980), Қазақ ССР - нің еңбек сіңірген артисі (1982), Қазақстан Республикасының халық артисі (1992), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалінің иегері (2001), «Парасат» орденінің иегері (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2011), «Достық» орденінің иегері (2015), Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы (2006), Жамбыл облысы Байзақ ауданының "Құрметті азаматы", «Өнертану» ғылымдарының кандидаты (2007), доцент (1990), профессор (2011), "Түркі дүниесіне қосқан ерен еңбегі үшін" медалінің иегері (2023 ж.), ІІІ дәрежелі "Барыс" орденінің иегері (2023 ж.).
1948 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай (бұрынғы Жаңасаз) ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының (қазіргі Ұлттық консерватория) актерлік факультетін бітірді.
1970 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Арыстан,
М. Әуезов «Таңғы жаңғырық» (сахналық нұсқа Қ. Ысқақ, реж. Б. Омаров) – Бақтығұл,
Т. Ахтанов «Жоғалған дос» (реж. Ә. Мәмбетов) – Мырзахмет,
Д. Исабеков «Кішкентай ауыл» (реж. С. Асылханов) – Демесін,
Н. Әбуталиев «Өттің, дүние» (реж. Ә. Рахимов) – Махамбет,
М. Әуезов «Айман – Шолпан», «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Басыбар, Сырым,
М.Байсеркенов «Абылайдың ақырғы күндері» (автор және реж. М. Байсеркенов) – Абылайхан,
Ә. Кекілбаев «Абылай хан» – Абылай,
Ш. Құсайынов «Үкілі Ыбырай» (реж. Б. Атабаев) – Ақан сері,
Қ. Ысқақ пен Шахимарден «Қазақтар» – Жәнібек хан,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. әл-Тарази) – Кир патша,
М. Омарова «Көмбе нанның дәмі» (реж. А. Кәкішева) – Диуана шал,
Р. Тюрин «Ескерткіш» (реж. Ә. Мәмбетов) – Яков,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Ә. Мәмбетов) – Әбутәліп,
И. Сұлтанов, Ұйғын «Әлішер Науаи» (реж. А. Тоқпанов) – Әлішер Науаи,
Н. Гоголь «Ревизор» (реж. А. Әшімов) – Хлестаков,
Л. Дюрко «Электра – сүйіктім менің» (реж. Р.Сейтметов) – Орест,
М. Булгаков «Жендеттер» (аударған: А. Сүлейменов, реж. В. Мажурин) – Людовик ХІV,
А.Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (ауд. Ә. Кекілбаев реж. Ә. Мәмбетов) – Астров,
У.Шекспир «Юлий Цезарь» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Брут,
Софокл «Эдип патша» (ауд. Х. Ерғалиев, реж. Ә. Мәмбетов) – Эдип,
К. Ашир «Қабыл – Адам ата перзенті» (автор және реж. К. Ашир, ауд. М. Ақдәулетұлы) – Адам,
М.Әуезов пен Л. Соболев «Абай» (реж. А. Тоқпанов) – Әбдірахман,
М. Карім «Ай тұтылған түн» (реж. А. Оңалбаев) – Ақбегет
Ш. Айтматов «Бірінші мұғалім» (реж. Р. Шарафутдинова) – Дүйсен,
Қ. Мұқашев «Дала дастаны» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Бейсенбай,
Қ. Мырзалиев «Данышпан» (реж. Р. Сейтметов) – Интеллигент,
М. Шаханов «Сенім патшалығы» (реж. Р. Сейтметов) – Ақын,
М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Көтібар,
Л. Пиранделло «Өгей қыз» (реж. Р. Сейтметов) – театр директоры,
Н. Мирошниченко «Айтыс» (реж. А. Пашков) – Ярцев,
А. Софронов «Власть» (реж. М. Гершт) – Борис-комсорг,
А. Б.Вальехо «Бүгін мейрам, бүгін той» (реж. А.Пашков) – Сильверио,
Ш. Құмарова «Кімнің той» (реж. Р. Сейтметов) – Жұмажан,
Ж. Ташенов, И.Саввин «Ескерткіш» (реж. Р. Сейтметов) – Әлібек,
А. Каплер «Ленин 1918 жылында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Ф. Дзержинский,
Ш. Айтматов «Ана-Жер Ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қойшы,
Ж. Файзи «Башмағым» (реж. А. Пашков) – 1-іздеуші,
Хай Вахит «Махаббаттың әлегі» (реж. А. Пашков) – Баян,
Қ. Бекхожин «Ұлан асу» (реж. Ж. Омаров) – Дабачи
Қ. Аманжолов «Досымның үйленуі» (реж. Ж. Омаров) – Досым,
Қ. Мұқашев «Парторг» (реж. А. Пашков) – Қасым,
У. Шекспир «Ричард III» (реж. А. Пашков) – Лорд Стэнли,
Ғ. Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» (реж. А. Пашков) – Жалмұқан,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Қабен,
Ғ. Мүсірепов «Амангелді» (реж. А. Әшімов) – Фон Эверсман,
Ф. Зрве «Түлкі бикеш» (реж. Ә. Мәмбетов) – Флоридор,
Т. Ақтанов «Антында» (реж. Ә. Мәмбетов) – Тевкелев
Ә. Нұрпейісов «Қан мен терінде» (реж. Ә. Мәмбетов) – Патша офицері, Еламан, Тәңірберген,
С. Мұқанов «Шоқан Уәлиханов» (реж. Ә. Рахимов) – Ф.Достоевский,
А. Жағанова «Жан алқым» (реж. Ч. Зұлқашев) – Мұрат
И. Шварц «Күл қыз – Күн қызы» (реж. Д. Арынғазиева) – Король,
Ф. Шиллер «Генуядағы қастандык» (реж. Ф. Зольтер) – Фиеско,
М. Булгаков «Жендеттер» (реж. В.С. Мажурин) – Король Людвик,
М. Кәрим «Тастама отты, Прометей» (реж. Н. Жақыпбаев) – Прометей,
Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т. әл-Тарази) – Мамай,
О. Бөкеевтің «Қар қызында» (реж. Ж. Жұманбай) – Қоңқай шал,
Ү. Ғаджыбеков "Аршын мал алан" (аударған: Қ. Мұхамеджанов, реж. Т. әл - Тарази) – Сұлтанбек.
Режиссерлық жұмыстары:
К. Гоцци «Турандот ханшайым»,
М. Ғапаров «Тұзды шөл»,
Шахимарден «Томирис»,
Қ. Ысқақ, Шахимарден «Қазақтар»,
Ү. Ғаджыбеков «Аршын мал алан»,
Д. Исабеков «Бонапарттың үйленуі» (Батыс Қазақстан облыстық театрында)
М. Әуезов «Айман – Шолпан»,
А. Вампилов «Провинциальные анекдоты»,
К. Год «Хозяйка гостиницы»,
В. Шекспир «Ромео мен Джульетта»,
Лопе Де Вега «Сенек қорыған ит»,
Н. Хикмет «Фархад пен Шырын»,
У. Шекспир «Гамлет»,
Т. Ахтанов «Ант».
Кинодағы рөлдері:
«Отқа оранған Орал», «Қан мен тер», «Жаушы», «Ақырғы асу», «Қаралы сұлу», «Хан Әбілқайыр», «Отырардың күйреуі», «Жас Абай», «Сардар», «Көшпенділер», «Көкбөрі серті», «Гонцы спешат», «Сотқар балалар», «Расплата», «Без видимых причин», «Последний переход», «Дыня», «Красавица в трауре», «Осенние извилистые дороги», «Сестра моя, Люси», «Ее домбры был верен звук», «Человек-олень», «Потерпевшие претензий не имеют», «Конфликт», «Турксиб», «Сказка о прекрасном Айсулу», «Зять из провинции», «Тигр снегов», «Маленький человек в большой войне», «О, рока несчастные дети!», «Намыс», «Абай», «Анаша», «Сардар», «Кочевники», «Час волка», «Аферисты», «Александр. Невская битва», «Заблудившийся», «Урановы тайфун», «Баһадүр», «Жау жүрек мың бала», «Құнанбай», «Тоқал» және т.б. фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.