Мурзалиева Зауре  Шайзадақызы

Мурзалиева Зауре Шайзадақызы

Өмірбаян

 «М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК директорының Ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2009).

1973 жылы 7-мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1991-1996 жж.  Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын Театр жұмысын ұйымдастырушы-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады.

2009 жылы Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей) Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсын «Мәдениет менеджменті және маркетингі» пәні бойынша бітірді.

2014 жылы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік сатып алу: өзгерістер және толықтырулар» атты семинарға қатысты.

1996-1997 жж.    М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында аға әкімгер болып қызмет етті.

1997-2010 жж. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында: бас әкімгер, Директордың көрермендер ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2010-2012 жж. «Қазақтелеком» АҚ филиалында КҚҚБ маманы;

2012-2013 жж. «Алтел» АҚ-да Келісімшарт жасау бөлімінің маманы қызметтерін атқарды.

2013-2014 жж. Алматы қалалық «Мемлекеттік қуыршақ театры» директорының орынбасары болды.

2014-2020 жж. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының Көрермендер ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2020 жылдың 23-қарашасынан бастап М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында директордың Ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.