Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2018), "Үміт" номинациясы бойынша Қазақстан Театрлар Ассоциациясының "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері (2018).
Алматы қаласында 1989 жылы дүниеге келген.
2004-2007 жж. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжін музыкалық театр актрисасы, ал 2007-2011 жж. Өнер академиясын «кино және театр актрисасы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады.
Осы жылдары Лондон қаласындағы Өнер мектебінде қосымша білім алды.
2011 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – қыз,
Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – қыз,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Ирина,
А.Д. Эннери мен Ф. Дюмануар «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә. Рахимов) – Маритана,
Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д. Жұмабай) – Зарипа,
Кинодағы рөлдері:
«Кек» фильмі (реж. Д. Манабай), «Махаббат күші» фильмі (реж. А. Сатаев), «Бір сен үшін» фильмі (реж. А. Төлеу), «Үйлену оңай» телесериалы (реж. А. Дранникова) және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.