Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты (2011ж.)
1979 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бостандық ауылында дүниеге келген.
1997-2001жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын Театр және кино актері мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2003 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Шолпан,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Еңлік,
Шахимарден, Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т. әл-Тарази) – Гүлбахор,
Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Бәкей қыз,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Сәуле,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Келін,
Ә. Әмзеев «Қара кемпір» (реж. Е. Обаев) – Қали,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Нәзила,
И. Вовнянко «Апат» (реж. А. Әшімов) – Жібек,
С. Балғабаев «Сағыныш пен Елес» (реж. Ә. Рахимов) – Арайлым,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. А. Әшімов) – Шырын,
М. Кәрім «Күнәһар» (реж. О. Кенебаев) – Зүбәржат,
Е. Уахитовтың «Құдалар» комедиясында (реж. Ә. Рахимов) – Зуһра,
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д.Жұмабай) – Үкібала,
Ж. Бауыржанқызы "Қайдасын, Мама?!" (реж. Р. Жұрынбай) - Сара.
Кинодағы рөлдері:
«М-Agent», «Махаббатым жүрегімде» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.