Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы

Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы

Театр артисі

Өмірбаян

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері (2012 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.).

1970 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылында дүниеге келді.

1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет - ағарту училищесін "Мәдениет қызметкері және оркестр дирижері" мамандығы бойынша бітірді.

1993 - 1997 жж. Қазақ Мемлекеттік Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) "Театр және кино актері" мамандығы бойынша бітірген.

1997 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап, 2022 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры директорының шығармашылық істер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.


Театрдағы рөлдері:

М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Көкбай,

М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) — Әзімхан,

М. Әуезов «Айман-Шолпан» (реж. Е. Обаев) – Балпық,

М. Әуезов «Еңлік-Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Көбей,

М. Әуезов «Еңлік-Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) - Еспембет,

М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – Рахымбай,

Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Айдар,

С. Торайғыров «Қамар сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Молда,

А. Сүлейменов «Кек» (реж. Ә. Рахимов) – Бекзада Сарын,

Ә. Кекілбаев «Абылай хан» (реж. Б. Атабаев) – Шарыш,

Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Омар,

И. Сапарбай «Абай – Тоғжан» (реж. Н.Тұтов) – Абай,

Шахимарден мен Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т.әл-Тарази) – Дуана сарбаз,

Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай) – Дәулетбек, Асылхан,

И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Алеко,

Р. Мұқанов «Мәңгілік бала бейнесі» (реж. Б. Атабаев) – Болтай,

Ө. Боранбаев «Әңгүдік» (реж. О. Кенебаев) – Шәукен,

Е. Жуасбек «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» (реж. М. Ахманов) – Макс,

Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Қыдырәлі,

Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Ақылбай,

Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Матақов,

Ш. Мұртаза «Ай мен Айша» (реж. Т.әл-Тарази) – Орақ,

І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Асан қайғы,

Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Сырлыбай,

А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Абай,

У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – граф Парис,

К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Тарталья,

Н. Гоголь «Ревизор» (реж. Е. Обаев) – Осип,

Н. Гоголь «Үйлену» (реж. В. Захаров) – Степан,

Г. Горин «Атың шықпаса» (реж. Ә. Оразбеков) – Тиссоферн,

Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Штейниц, Обербургомистер,

Ф. Буляков «Отыз ұлың болғанша» (реж. Ә. Рахимов) – Бастық,

Р. Белецкий «Желіккен жастар» (реж. С. Асылханов) – Еркебұлан,

Ү. Ғаджыбеков «Аршын мал алан» (аударған: Қ. Мұхамеджанов, реж. Т. әл-Тарази) – Велли,

Е. Уахитов «Құдалар» (реж. Ә. Рахимов) – Әбдісалам,

Р. Куни "Мани - Мани" (реж. Е. Нұртазин) – Виктор Джонсон,

А. Чеховтың «Апалы-сіңлі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Соленый,

А. Володин «Қоштасқым келмейді...» (аударған және реж. А. Маемиров) – Никулин,

С. Асылбекұлы ""Империядағы" кеш" (реж. А. Кәкішева) - Сұлтанбек Ертұрғанұлы,

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Жарқын


Фильмография:

«Ағайындылар», «Жайлаудағы оқиға», «Махаббат жағалауы», «Алтын алқа», «Ақсұңқар», «Мент», «Таң қалдырған хикая-1», «Таң қалдырған хикая-2» және т.б. фиьмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.


Рольдер

МАХАББАТ ДАСТАНЫ
Роль: Қарабай
Режиссер: Қ. Сүгірбеков
Автор: Ғ. Мүсірепов
МАҚШАР ТҮНГІ МАХАББАТ
Роль: Тоқатай
Режиссер: Ж. Жұманбай
Автор: Р. Райымқұлов, сахналық нұсқасын жасаған: Д.Исабеков
ЖАУЖҮРЕК
Роль: Ақылбай
Режиссер: Е. Обаев
Автор: Д. Исабеков
ҚЫЗ ЖІБЕК
Роль: Сырлыбай
Режиссер: Е. Нұрсұлтан
Автор: Ғ. Мүсірепов
«ИМПЕРИЯДАҒЫ» КЕШ
Роль: Сұлтанбек Ертуғанұлы
Режиссер: А. Кәкішева
Автор: С. Асылбекұлы
ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША
Роль: Бастық
Режиссер: Ә. Рахимов
Автор: Ф. Буляков, аударған: Т. Әлімбекұлы
АЙ МЕН АЙША
Роль: Мұртаза
Режиссер: Тұңғышбай әл-Тарази
Автор: "Ай мен Айша" және "Мылтықсыз майдан" шығармаларының негізінде жазылған драманың авторы: Е. Жуасбек
ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ...
Роль: Никулин
Режиссер: А. Маемиров
Автор: А. Володин, аударған: А. Маемиров
КҮЛЕМІЗ БЕ, ЖЫЛАЙМЫЗ БА?
Роль: Мэлс
Режиссер: М. Ахманов
Автор: Е. Жуасбек

Галерея

Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы