1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Новоречка ауылында дүниеге келген.
2009-2013 жж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында Музыкалық драма артисі мамандығын тәмамдады.
2013-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында драма артисі мамандығы бойынша магистратурада білім алды.
2016 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Аққозы,
Қ. Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е. Обаев) – Асия,
Кинодағы рөлдері:
«Ана жүрегі» (реж. Е. Рүстембеков), «Ғашық жүрек» (реж. А. Ұзабаев), «Туған елдің түтіні» (реж. Е. Рүстембеков), «Бапкер» (реж. М. Бидосов), «Күн сақшылары» (реж. С. Сұлтанов), «Ұстаз» (реж. Е. Рүстембеков), «Кеңесшілер» (реж. Қ. Мұстафин), «16 қыз» (реж. Қ. Мұстафин), «Таңдау» (реж. А. Сахаманов), «Шырғалаң» (реж. Е. Нұрмұхаметов), «ДиНаЗаур», «Наурыз», «Судьба», «Отвергнутые» фильмдеріне түскен.