Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2016ж.).
1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген.
1994-1998 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Театр факультетінде «Театр және кино актері» мамандығы бойынша оқыды.
1998 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Б. Атабаев ) – Сырым,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ж. Хаджиев) – Есен,
М. Әуезов «Айман – Шолпан» (реж. Ә. Мәмбетов) – Балпық,
М. Әуезов «Абай» (реж. Ә. Мәмбетов) – Көпбай,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов ) – Түнқатар,
Шахимарден, Қ. Ысқақ «Қазақтар» (реж. Т. Жаманқұлов) – Қазақ,
Шахимарден «Томирис» (реж. Т. Жаманқұлов) – Ардашир,
М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Айбар,
Ө. Боранбаев «Көкбөрі» (реж. Б. Атабаев) – Байшаур,
Д. Исабеков «Әпке» (реж. Б. Омаров) – Сұлтан,
Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Е. Обаев) – Бизнесмен,
Б. Мұқай «Өмірзая» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Иса,
С. Асылбекұлы «Күзгі романс» (реж. Ә. Рахимов ) – Әлібек,
Т. Мәмесейітов «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Түнқатар,
Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Мейірбек,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев) – Абзал,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – Қарасартов,
У.Шекспир «Гамлет» (реж. Ю.И. Ханинга-Бекназар) – Гильденстерн,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – граф Парис,
Ш. Айтматов «Ана – Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Майсалбек,
Р. Белецкий «Желіккен жастар» (реж. А. Сарбасов) – Мақсат,
Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андреасян) – Обербургомистр,
Н. Хикмет «Фархад – Шырын» (реж. Н. Жұманиязов) – Бас ұста,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (реж. Р. Андреасян, А. Кәкішева) – Андрей,
Ж.Ерғалиев «Қас қағым...» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Райбек Әлімұлы, Дәурен Исабеков,
Ф.Дюмануар, А. Эннери «Дон Сезар де Базан» (реж. Ә.Рахимов) – Карлос ІІ,
М.Омарова, Б.Әбілманов «Абайдың жұмбағы» (реж А.Оспанбаева) – Абай,
Ү. Ғаджыбеков "Аршын мал алан" (аударған: Қ. Мұхамеджанов, реж. Т. әл - Тарази) – Сүлейман,
С. Мұқанов "Мөлдір махаббат" (реж. Ә. Рахимов) - Еркін,
Н. Гоголь "Үйлену" (аударған: О. Қыйқымов, реж. В.И. Захаров) - Анучкин,
Д. Исабеков "Жаужүрек" (реж. Е. Обаев) - Троицкий,
А. Володин "Қоштасқым келмейді..." (аударған және реж. А. Маемиров) - Шумилов,
Ә. Нұрпейісов "Қан мен Тер. Ақбала" (реж. А. Оспанбаева) - Федоров,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Ә. Оразбеков) - Жомарт,
Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (реж. Ә. Рахимов) – Айдар
Кинодағы рөлдері:
«Сардар» фильмінде – Бекзада (реж. Б. Қалымбетов, 2002), «Біржан салда» – Сал (реж. Д. Жолжақсынов, 2009), «Болашақта» – учаскелік милиционер (реж. С. Тәуекелов), «Айналайында» – учаскелік милиционер (реж. А. Сатаев), «Сырғалым», «Полигон», «Ертегі емес» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Дала – думан» фольклорлық бағдарламасына жүргізуші ретінде қатысты.