Қазақстан Республикасының «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты (2015ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері (2016ж.)
1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.
2004-2008 жж. Қазақ Ұлттық Өнер академиясына түсіп, актер мамандығын тәмамдап шықты.
2007 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ә. Тарази «Ақын... Періште... Махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – бас дәрігер,
И. Сапарбай «Сыған серенадасы» (реж. Е. Обаев) – Абзал,
М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Мағауия,
М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Қалдашбай,
С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Еркін,
Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» (реж. О. Кенебаев) – Күнту,
М. Әуезов «Қилы заман» (реж. Ә. Рахимов) – түрме бастығы,
Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Жасауыл,
Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Нарбол,
Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» (реж. Н. Жақыпбай) – арқан кергіш,
Д. Исабеков «Жаужүрек» (реж. Е. Обаев) – Михаил,
И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Дастан,
М. Сәрсеке «Тендерге түскен келіншек» (реж. О. Кенебаев) – Кезбе,
Ә. Рахимов «Шәкәрім» (реж. Ә. Рахимов) – бірінші,
Т. Әбдіков «Ұлы мен ұры» (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан) – Ұлы,
Т. Нұрмағамбетов «Қожанасыр тірі екен» (реж. О. Кенебаев) – Түрік,
Р. Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Айбек, Мәмлүк,
Д. Исабеков «Жүз жылдық махаббат» (реж. А. Кәкішева) – Валерий Брюсов,
Ғ. Есім «Таңсұлу» (реж. А. Кәкішева) – Қалмақ бегі,
Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» (реж. Й. Вайткус) – Шырғай ағаш,
И. Вовнянко «Қаза мен жаза» (ауд. О. Қыйқымов, реж. А. Әшімов, С. Асқаров) – Пух,
І. Есенберлин «Алмас қылыш» (реж. А. Кәкішева) – Жәнібек хан, Құба би,
К. Гоцци «Турандот ханшайым» (реж. Т. әл-Тарази) – Әтек,
У. Шекспир «Гамлет» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Горацио,
У. Шекспир «Отелло» (реж. Н. Птушкина) – Жаршы,
У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Тибальт,
Т. Жүженоғлы «Көшкін» (реж. А. Кәкішева) – Басқарма,
А. Чехов «Апалы-сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева) – Соленый,
А. Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А. Маемиров) – Давид Керилашвили.
Б. Шоу "Сүйікті менің періштем" (реж. Ә. Оразбеков) - Пикеринг,
Ә. Нұрпейісов "Қан мен Тер. Ақбала" (реж. А. Оспанбаева) - Федоров.
Кинодағы рөлдері:
«Махамбет» (реж. Т. Сланбек, 2006), «Жаужүрек мың бала» (реж. А. Сатай, 2007), «Ауыл сақшысы» (реж. С. Құрманбеков, 2013), «Қыз жолы» (реж. А. Бейсенбин), «Алтын адам» (реж. Е. Рақышев), «Рэкетир», «Қарлығаш ұя салғанда».