Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы

Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы

Өмірбаян

Қоюшы-режиссер

1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылында дүниеге келді.

1999-2001 жж. Семей қаласы, Мұқан Төлебаев атындағы Саз колледжін актер мамандығы бойынша оқып бітірді.

2002-2006 жж. Алматы қаласы, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын актер мамандығын бойынша бітіріп шықты.

2012-2014 жж. Мәскеу қаласы, Театр өнері институтында «ГИТИС» режиссура мамандығы бойынша магистрлік білім алды.

2005-2012 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер қызметін атқарған.

2014-2015 жж. Семей қаласындағы «Дариға-ай» жастар театрында режиссер қызметін атқарды.

2015-2018 жж. аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер қызметін атқарды.

2018-2019 жж. Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында бас режиссер қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер қызметін атқарып келеді.


Режиссерлік қойылымдары:

А. Құнанбайұлы "Қара" драма

Р. Райымқұлов, сахналық нұсқасын жасаған: Д. Исабеков "Мақшар түнгі махаббат" мистикалық драма