Спектакльге арқау болған оқиға – жапондық Ахико Тэцуроның тағдыры. Ол Қарлаг түрмесіне 15 жасында түсіп, жан төзгісіз азапты торда 10 жыл отырған. Лагерьден өлімші халде босап шыққан ол қазақ анасының қамқорлығының арқасында тірі қалып, өмірге қайта оралады. Заман оңалғанда өз Отанына шақыру алып барғанымен, онда тұрақтай алмай, Қазақстанға қайта оралған.
Ахико Тэцуроның тағдыр жолы – сталиндік зұлмат жылдарда Қазақстанға қоныс аударған, айдалып, жазықсыз сотталып лагерьлерге әкелінген мыңдаған адамдардың, түрлі ұлт өкілдерінің тағдыры. Бүгінгі Қазақстан – достық, адамгершілік, биік рух мекені.
Карлаг қасіретін қазақ сахнасында алғаш рет бейнелеп отырған қойылым Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.