Әйелдің жанын кім түсініпті? Оны түсінем деп талпынған пенденің еңбегі еш, тұзы сор. Себебі әйелдің көңіл-күйі құбылмалы, бірде көктем, бірде күз. Мұңы мен зары да өткінші жауын іспеттес, қазір төпеп құйып бергенмен, іле-шала жадырап шыға келеді. Бұл – оның бір келбеті. Тағы бір сипаты – түпсіз терең тұңғиық, сиқырлы да сырлы әлем. Ол жақтың сап-сары сазы да, қоңыр әуен бояуы да өзгеше. Оның тағы бір келбеті бар... Тағы... Және тағы... Біз Сізді Әйел атты симфонияны тыңдап, оның Тағдыр құпиясын бірге ашуға шақырамыз.
*Спектакльде жалғыз актриса төрт әйелдің образын сомдайды.