«Туған күн» – тағдыр тәлкегіне түскен әйелдің жан драмасы туралы. Ата-ананың ыстық құшағы мен аялы алақанын сезінбей, балалар үйінде тәрбиеленген, бойжеткен шағында сүйген, сенім артқан адамынан сатқындық көріп, үміті кекке ұласқан кейіпкердің, мүмкін, ең соңғы туған күні...
Өмірдің түпнегізі неде? Бұл орайда жеке адам мен қоғамның жауапкершілік ара-салмағы қандай? Монодрама алға тартатын ауыр сауалдар мұнымен шектелмейді...