«Жүрегімнің иесі» – жас буынның туындысы. Жас драматург А. Аламанның пьесасы бойынша жас режиссер А. Оспанбаева сахналаған қойылымда театрдың жас буын актерлері ойнайды.
Жастық шақ – сезім, махаббат әлемі. Жар таңдау, өмірлік серік табуда ең маңыздысы не? Жастардың, әсіресе қыздардың отбасын құра алмай жүруінің себебі ше? Қоғам үшін де маңызды осы сауалдар алға тартылатын қойылымның негізгі идеясы – әр адамның өз құпиясы болады, сол құпия сақталуы, әр адамның өз тағдырын кешіп шығу құқығы қорғалуы керек дегенге саяды. Ал, сіз қалай ойлайсыз, қадірлі көрермен?