Спектакль туралы

«Көшкін» – белгілі түрік драматургы, шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, көптеген сахналарында қойылған Түнжер Жүженоғлының драмасы. Оқиғалары тосын, кейіпкерлері біртұтас қауым болып таулы аймақтағы шағын бір қыстақта өмір кешетін пьесада негізгі тартыс бір әулеттегі үш буын арқылы өрбиді. Актерлік ойындарға және режиссерлік интерпретацияларға керемет мүмкіндік беретін бұл қойылымда бір әулеттің психологиялық ахуалы ашылады.

Көшкін – табиғаттың құбылысы ғана емес, ол мүмкін, адамдардың санасына мықтап орныққан қорқыныштардың көрінісі... Ал режиссердің идеясы бойынша, айналамызда ғана емес, әлемде болып жатқан небір апаттардың басты себебі – адамның табиғаттан ажырай бастауы, түптеп келгенде, өз-өзінен ажырай бастауы. Бұған жол бермесек керек...

Ұзақтығы
1 сағат 30 минут
Жас мөлшері
12+
Сахна
Кіші зал
Тіл
Қазақша
Автор
Т. Жуженоғлы, аударған: О. Қыйқымов
Режиссер
А. Кәкішева

Қатысатын актерлер