Спектакль туралы

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың арасындағы махаббат. Олардың тағдыры иісі қазаққа таныс. Екі жастың сүйіспеншілігіне көрсетілген қарсылық озбырлыққа, зұлымдыққа ұласады. Дүниеқоңыздық қатпалдай қосылып, махаббат иелерін қайғылы қазаға душар етеді. Сан ғасырлар жырланып келе жатқан махаббат дастанын бұл қойылымда жаңа қырынан танисыз. Жаңалықтармен байытылған өзгеше спектакльден ләззат аларыңыз айна-қатесіз.

Ұзақтығы
2 сағат
Жас мөлшері
12+
Сахна
Үлкен зал
Автор
Ғ. Мүсірепов
Режиссер
Қ. Сүгірбеков

Қатысатын актерлер