Спектакль туралы

Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаевтың бірегей қойылымы, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қалпына келтіріліп, көрерменіне тағы бір мәрте жол тартты.

Спектакльде адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасыарқылы зерделенеді.

Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес, адамдар да. Спектакль финалында Ләйлә-Сұлулықтың дарға асылғанын көресіз. Адамдар Сұлулықты өлтірді, демек өз тамырына балта шапты. Ләйлә өлді – Қарауыл өлді. Қарауыл өлді – қазақ өлді... Болашақ бар ма, жоқ па?! Осы бір ащы ақиқат саналарына ұрған қарауылдықтардың финалдағы музыка, реквием-хор (Карл Орфф) атмосферасындағы жанталасы ғана үміт отын себездетеді.


Ұзақтығы
2 сағат
Жас мөлшері
+12
Сахна
Үлкен зал
Тіл
Қазақша
Автор
Р. Мұқанова
Режиссер
Б. АТАБАЕВ, қайта сахналаған - Е. Нұрсұлтан

Кесте

Күні Орын Бағасы Уақыты
28
қаңтар
Сейсенбі
Үлкен зал 19:00 Билет сатып алу
28
қаңтар
Сейсенбі
Үлкен зал
19:00