Қазақ даласына келген Қызыл төңкеріліс көшпенділерді ғасырлар бойы қалыптасқан үйреншікті даму ырғағынан жаңылдырды: біраз жұрт шекара асып, атамекенін тастаса, енді біразы жаңа өкіметтің сойылын соқты; сөйтіп қоғамдағы мәжбүрлі өзгеріс адами құндылықтарға салқынын тигізді. Спектакль кейіпкерлері Мақшар түні – өз дәуірінен, өз дәстүрінен ғана емес, адал махаббат сертінен де таяды. Оларға енді кім жәрдемші бола алады?
Мистикалық драма